Жаңалықтар

2019 жылдың 15 наурыз  айында  «Облыстық туберкулез – санаториясы мектеп - интернаты» КММ - де 5-9 класс қыздар арасында «Ең әдемі ару!» атты сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.

2019 жылдың 14 ақпанында «Облыстық туберкулез – санаториясы мектеп - интернаты» КММ-сіне ЖИТС орталығының мамандары А.А.Жайлаубаева  мен С.М.Муханбетжанова келіп, оқушылармен кездесті. Кездесудің мақсаты – ЖИТС-тің  бүгінгі күні  адамзат алдында тұрған күрделі мәселе екенін түсіндіріп, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.

2019 жылдың 1 наурыз айында «Облыстық туберкулез санаториясы мектеп-интернаты» КММ-де Алғыс айту күніне байланысты іс – шара өтті.

«Облыстық туберкулез – санаториясы мектеп – интернаты» КММ- де «Алақай» қуыршақ театрның ұйымдастыруымен бірге «Жасыл шырша жанында» атты мерекелік шара болып өтті.  Жасыл шырша жанына жиналған балалардың қуанышын бөлісуге «Нұрдәулет» қоғамдық қорының өкілдері арнайы келіп, тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтап, жаңажылдық сыйлықтарын  табыс етті.

«Облыстық  туберкулез  санаториясы мектеп - интернаты» КММ - де ҚР Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған жиналыс болып өтті.

Облыстық   туберкулез санаториясы мектеп - интернаты» КММ-де   мұғалімдер мен тәрбиешілер “Интернаттық ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту” тақырыбында шебер – класс ұйымдастырды.

 «Облыстық туберкулез санаториясы мектеп - интернаты» КММ –де  тәуелсіздік мерекесіне байланысты класс сағаттары мен «Тәуелсіздік бастауы бар бақыттың» атты мерекелік бағдарлама өтті.