Мектеп тарихы 

 

              Ақтөбе облыстық білім басқармасына қарасты "Облыстық туберкулез санаториясы мектеп-интернаты" КММ-сі 60 -жылдық тарихы бар үлкен білім ордасы. Қазақстан коммунистік партиясы мен Қазақстан СРО Министірлігінің 31 Тамыз 1959 жылғы "1959-1965 жылдары арасында мектеп-интернаттарды дамыту"туралы қаулысына сәйкес 11 Мамыр 1960 жылғы Ақтөбе облыстық халық депутаттары советінің №159 қаулысымен 1960 жылғы 1 Қыркуйекте Қурайлы мектеп-интернаты ашылды. Мектеп -интернат қаулыға сәйкес алыс ауылдардағы малшылардың балаларына арнап ашылған болатын .Алғашқыда мектепте 10-ға жуық мұғалім , тәрбиеші болып болып, олар 150 оқушыға сабақ беріп ,тәрбие жұмыстарын жүргізді,қиындықтарға қарамастан мектеп ұжымы ынтымақта болып,оқу -тәрбие жұмысын жақсы жолға қоя білді.1963 жылы Қаңтардың  15-інде мектеп үйі өз есігін білім алушыларға айқара ашты .Оқушылар мен ұстаздардың қуанышында шек болған жоқ.Мектептегі кинозал ,спортзал,лаборатория ,кітапхана,шеберхана,пионерлер бөлмесі тәрбиеленушілерді қатты қуантты.1965 жылы екі қатарлы жатақхана,1967 жылы кір жуатын үй ,монша,мұғалімдер үшін тұрғын үй ,асхана,көкөніс сақтйтын қойма іске қосылды.

 

          Мектеп-интернат ауласы металл шыбықтармен қоршалды,жеміс-жидек ағаштары егіліп ,гүлдер алаңы жасалды.Мектеп-интернаты аштыруға ,оның ірге тасын қалап ,қаз тұрғызуға КСРО және ҚАЗАҚ ССР -і халық ағарту ісінің үздігі ,Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалім,педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Өрбісіновтің сіңірген еңбегі өте көп.Б.Өрбісіновтен кейін мектептегі оқу -тәрбие жұмысын әрі қарай жалғастырған болды.Мектеп жұмысының  алға басуына белсенді үлес қосқандар - М.Т. Антонюк ,Ж.Қ.Ордабаев ,К.И.Ещанова еді .Жоғарыда аталған азаматтардан кейін мектеп-интернатының ыстығына күйіп ,суығына тоңып еңбек сіңірген ,ең бастысы ұжымдағы ұйымшылдық пен бірауыздылықты қалыптастыра білген директорлар -Қ.Байбосынов,Н.Исмурзина,Т.Бурин,А.Қартмағанбетов,А.Бектұрғанов,А.Фахрутдинова,Қ.Абдрахманов,Қ,Назаров,Г.Сүлейменова.Осы мектепте қызмет атқарған ұстаздардың 5-еуі Лениннің туғанына 100жыл толуына арналған медальмен ,20-ы Қазақ ССР-і халыққа білім беру ісінің озық қызметкері белгісімен ,30-ға жуық адам "Еңбек ардагері " медалімен марапатталды,1 мұғалім " Аға оқытушы" атағына ие болды.Мектеп-интернат 1966 жылдан санаторлық интернат болып аталады .Мектепте оқушыларға білім берумен қатар олардың денсаулығына,емделуіне толық жағдай жасалған.Оқущыларға оқулық тегін беріліп ,апта сайын монша өткізіледі .Қара шаңырақтан самғап ұшқан түлектеріміздің көпшілігі өндірістің әртүрлі салаларында қызмет атқарады.

            

          Мектебімізде қалыптасқан дәстүрлі істер баршылық.Олар : мектептің  және ұжым мүшелерінің мерейтойлары,мектеп түлектерімен, жерлес ақын-жазушыларымен кездесу , оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын пайдалы өткізу мақсатында жүргізілетін үйірме жұмыстары .Мектеп-интернат өзінің көп жылдық тарихында талай саңлақтарды самғата ұшырды.Қара шаңырақтың аяулы ұстаздарының аялы алақанынан білім алған асыл азаматтарымыз өмірден өз орындарын тауып ,нұрлы болашақтың кірпішін қаласып жүр." Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлейді,рух үшін оны біздің ұстаздарымыз әзірлейді",- деген  сөз бар.Өмір-өзеннің бір тамшысы бола білген түлектердің өз ұстаздары туралы ойлары -ұстазға деген құрмет. Тарихы тереңге кеткен мектептің діңгегі мықты.60 жыл -тұтас бір ұрпақ өкілінің ғұмыры. " Ата жолы - бала жолы " демекші ,алдыңғы толқын аға буын өкілдерінің қалдырған сара жолымен еңбек етіп , өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар қауымы елжанды ,Отанын сүйетін ,ұлттық құндылықтарымызды қадірлейтін ұрпақ тәрбиелеуде.

        Мектеп-интернатымыз бүгінде Гүлбарам Есенқызы Калиеваның жетекшілігімен аға ұрпақтың ізгі істерін сәтті жалғастырып келеді. Мектеп -интернат ұжымы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде жаңа техналогияларды меңгеріп, шығармашылықпен ізденіспен жұмыс жасауға көп көңіл бөлініп келеді.Мектепте 11 комплекті интерактивті тақта,47 компьютер ,мектеп кітапханасы,электронды кітапхана залы ,тренажер залы жұмыс жасайды .Сондай ақ , оқушылардың игілігі үшін "Шебер қолдар" , "Жас суретшілер" , " Робототехника" , "Бокс", "Квиллинг"  үйірмелері қызмет жасауда. "Облыстық туберкулез санаториясы мектеп -интернаты " КММ-сі болашаққа бой түзеген , ел ертеңін біліммен қаруландырып ,қоғам дамуына сай тәрбие беретін алтын бесік.